FANDOM


POL Kurów COA KurówPoland
Таңбасы
Курув
Елі Полония
Мэр Йан Лубек
Жұрт саны 2 786 (31.12.2016)
Аумағы 11,33 км²
Жұрт тығыздығы 247/км²
Жоғарылауы 157 м

Курув ( Kurów) — оңтүстік-шығыс Польшадағы ауыл, Пулавы және Люблин қалаларының арасында Курувка өзенінің жағасында орналасқан. Ол Люблин воеводтығындағы гминаның, яғни бір ауданның орталығы, тұрғындары 2870 (2013 жыл).

ТарихыEdytuj

1431 және 1442 жылдардың аралығында ауылға Магдебург заңдарының негізінде қалалық құқықтар берілді. Жеке меншік қала ретінде айналасындағы аймақтағы азық-түліксаудасының орталығы болды. Бұнда бірнеше аң терісі және былғары өңдеу орындары болған. 16-шы ғасырда осында көптеген поляк бауырластары қоныстанғандықтан, Курув кальвинизмнің орталықтарының да бірі болды. 1660 жылдарға қарай тұрғындарының басым көпшілігі арианизмге өтіп болды.

1660 жылдардан кейін Курувтың тарихы бүкіл өлкенің тарихымен бірдей болды. 1795 жылы Польша үшінші рет бөлшектелгеннен кейін қаланы Аустрия өзіне қосып алды. 1809 жылы Курув Польша патшалығының құрамына өтті. 1831 жылғы Қараша көтерілісінің кезінде осы жерде Курув шайқасы орын алды, онда генерал Иозеф Дверницкидің басқаруындағы поляк әскері орыс әскерлерін жеңді. 1870 жылғы Қаңтар көтерілісінің кезінде Курув өзінің қалалық дәрежесін жоғалтып, оны осы күнге дейін қайтарып алған жоқ. 1918 жылы Курув қайтадан Польшаның құрамына енді.

1939 жылғы қыркүйектің 9-ында Поляк қорғаныс соғысының (Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы Польшада осылай аталады) кезінде қаланы герман Люфтваффесі қатты бомбылады. Сол кезде қиратылған нысаналардың бірі — азаматтық аурухана(қызыл айқыштармен белгіленген болса да шабуылға ұшырады), онда көп адам шығыны болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия екі құлдық еңбек лагерін орнатты. 1942 жылы бір кішігірім геттода орналастырды. Алайда Курувтағы тұтқындалған поляктардың басым көпшілігі құтылып, айналадағы ормандарда күресіп жүрген поляк Халықтық Армиясына барып қосылды.

Көне ғимараттар мен орындарEdytuj

  • шіркеу (1452 құрылған, 1692 күрделі жөндеуден өткен), онда Збански әулетінің мазары және Санти Гуччидің (1587) мүсіндері бар.
  • қоңырау мұнарасы (18-ші ғасырда құрылған)
  • қақпа (1911 жылы құрылған)
  • ректорлық (1778-1782 жылдары құрылған)
  • викарийдің ғимараты және шіркеу мектебі
  • зират
  • Қауымдастық ғимараты (19-шы ғасырда құрылған)
  • пошта бекеті (18-ші ғасырда құрылған)
  • табиғи ыстық сулы монша (19-шы ғасырда құрылған)
  • тағы басқа ғимараттар

Білім беру орындарыEdytuj

  • балабақша
  • бастауыш мектеп
  • жоғары оқу орнына дайындық мектебі
  • ересектерге арналған орта мектеп

СпортEdytuj

  • «Гарбарня» футбол клубы және стадионы
  • теннис алаңы

Атақты адамдарыEdytuj

  • Войцех Ярузельски — генерал, Польшаның бұрынғы президенті (1923 Курувта жылы туған)
  • Яцек Янчарски — сатирик, драматург, сценарийлер жазушы (1945 жылы Курувта туған, 2000 жылы Варшавада қайтыс болған)
  • Чеслав Янчарски — ақын, балаларға арналған ертегілер жазушысы (1911 жылы Һрушвицада туған, 1971 жылы Варшавада қайтыс болған)
  • Клеменс Курувски — поляк ақсүйегі және сенаторы, Курувтың иесі (1340 жылдар шамасында туған, 1405 жылға дейін қайтыс болған)
  • Пиотр Курувски — қорған иесі, Курувтың иесі (1463 жылы қайтыс болған)
  • Гжегож Пирамович — Курувтағы діни қызметкер, жазушы, философ (1735 жылы Львовта туған, 1801 жылы Мйондзырзеч Подласкиде қайтыс болған)
  • Игнаци Потоцки — ақсүйек, Курувтың иесі (1750 жылы туған, 1809 жылы Венада қайтыс болған)

Ad blocker interference detected!


Wikia is a free-to-use site that makes money from advertising. We have a modified experience for viewers using ad blockers

Wikia is not accessible if you’ve made further modifications. Remove the custom ad blocker rule(s) and the page will load as expected.

Więcej z Fandomu

Losowa wiki